Epson және қоршаған ортаны қорғау
Келешектің жарқын болуына әркім өз үлесін қоса алады. Epson үшін қоршаған орта туралы қамқорлық барлығынан, яғни кішкентай шамнан бастап ірі зауыттардың жұмысына дейін көрініс табуы керек. Бұл біздің инновацияларымыз бен дамудың негізі, барлық қызметкерлеріміз үшін ынталандыру және түптің түбінде қоғамның дамуына қосатын біздің үлесіміз. Қоршаған орта туралы қамқорлық - бұл серіктестерімізбен жеткізу тізбегі бойындағы жұмысымыздың ажырамас бөлігі.
Негізгі мақсаттар
Қоршаған ортаға өндірістік процестердің, өнімдердің және қызметтердің теріс әсерін қысқарту.
Инновацияларды әзірлеу және енгізу, өнімді қайта өңдеу және өндірістің тұйық циклі.
Халықаралық экологиялық бастамаларға қатысу.
Біздің кейбір жетістіктеріміз
Инновациялық шешімдер
Текстильде басып шығаруға арналған цифрлік бүріккіш принтерлер және үлкен көлемді ауыстырылатын картридждермен жабдықталған кеңселік бүріккіш принтерлер.
Құрылғылар
Электр қуатын аз тұтынатын шағын принтерлер және ұзақ қызмет ету мерзімімен ерекшеленетін лазерлік жарық көзі бар проекторлар.
Өндіріс
Epson компаниялар Тобы үшін CO2 шығарындыларын азайтудың жалпы мақсатына қол жеткізілді. 2015 қаржы жылында CO2 шығарындылары 2006 қаржы жылымен салыстырғанда 43%-ға қысқарды (мақсатты көрсеткіш 35 %-ды құрады).
Экологиялық қауымдастық
Экологиялық оқытудың жаһандық бағдарламалары және Epson өнімдері мен технологиялары пайдаланылатын қоғамдық бастамалар.
Мақсаттар
Жаңа көзқарас
Epson өнімнің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар бизнеске және пайдаланушылардың өміріне оң әсер ететін жаңа өнімдерді, қызметтерді, функцияларды және қосымшаларды ұсынады.
Құрылғылар
Өлшемдерінің шағындығы, энергияны аз тұтыну, қайта өңдеудің қолайлығы және қызмет ету мерзімінің ұлғаюы есебінен өнімдердің бүкіл өмірлік циклі кезінде қоршаған ортаға теріс әсерді 50%-ға төмендетуге мүмкіндік беретін сұранысқа ие өнімдерді жасау.
Өндіріс
Жалпы шығындарды азайту және сапаны арттыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде экологиялық өнімге қажетті қолдауды қамтамасыз ететін тиімді және экологиялық қауіпсіз процестерді әзірлеу.
Экологиялық қауымдастық
Біз алдымызға нақы ортасында өнімдеріміз бен қызметтеріміз тұратын әлеуметтік-экологиялық қызмет аясында жаңа әлеуметтік және экономикалық тұрақты процестерді шығару міндетін қоямыз.
Үйлесімділік, ынтымақтастық және экологияны қорғауға бейілділік
Epson компаниясы 1942 жылы Нагано префектурасының табиғи сұлулыққа бай өңірінде орналасқан Сува қаласында құрылды. Әуел бастан қызметіміздің негізі ретінде табиғат пен қоғамның үйлесімі болды. Компанияның жаһандық өсуімен біздің қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетіміз өзгеріссіз қалды. Біз мұны 1988 жылы, Epson өз қызметінде озонды бұзатын хлорфторкөміртектерді (ХФК) пайдаланудан бас тартқанын жариялаған әлемдегі алғашқы компания бол��ан кезде көрсеттік.
1942 — 2010 жылдар
1942 жыл - Қоршаған ортаның ластануын бақылау
Жақын жатқан Сува көлін ластамау үшін Epson компаниясы кәсіпорын аумағынан ағызылатын ағынды суды тазарта бастады. 1970 жылдары қоршаған ортаның ластану мәселесі бүкіл қоғам үшін өзекті бола бастаған кезде, Epson компаниясы су сапасына заңнамада талап етілгенмен салыстырғанда қатаң шектеулер қоятын жаңа қатаң ішкі экологиялық стандарттарды орнатты.
1983 жыл - Энергия үнемдеу бағдарламалары
1980 жылдан бастап Epson компаниясы энергияны үнемдеу бағдарламаларын жүзеге асырады, энергияны тұтынуды азайту жөніндегі мақсаттар қояды, объекттерде энергетикалық тексерулер жүргізеді, энергия тиімділігі бар жабдықтар орнатады және басқа да шараларды қолданады. 1983 жылы Shoen зауытында (қазір Hirooka бөлімшесінің құрамына кіреді) зауыт аумағында жарықтандыру құрылғыларын басқаруға арналған микроконтроллерлері бар жүйе орнатылды. Электр энергиясын айтарлықтай үнемдеу нәтижесінде Shoen зауыты Жапондық жарық техникасы институтымен ұтымды жарықтандыру марапатымен марапатталды.
1988 жыл - Хлорфторкөміртек жөніндегі декларация
1988 жыл Epson-ның экологиялық жобалар тарихындағы алғашқы кезең болды - компания бүкіл әлем бойынша өз қызметінде хлорфторкөміртекті (ХФК) пайдаланудан толық бас тартқаны туралы әлемде бірінші болып жариялады. Epson компаниялар тобының озонды бұзатын осы заттарды пайдаланудан бас тарту жөніндегі белсенді күш-жігерінің арқасында 1992 жылы Жапонияда және келесі жылы бүкіл әлемде біз ХФК қолданудан мүлдем бас тарттық.
1991 жыл - Тазарту орталығы
Epson компаниясы ХФК-сыз технологияны жылдам енгізіп, серіктес компаниялардың (сырттай және жергілікті мердігерлердің) ХФК пайдаланудан бас тарту әрекеттерін белсенді түрде қолдады. Осы жұмыстың аясында Epson бұрынғы Shimauchi зауытының аумағында ХФК қолданбай жалпы тазалау орталығын құрды және серіктестерге оны пайдалануды ұсынды.
1992 жыл - ХФК жою жөніндегі бағдарламаны тану
1992 жылы Epson компаниясы ХФК жою бағдарламасын және компанияның осы саладағы жеке жетістіктерін ескере отырып, АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігінің атынан (EPA) стратосферадағы озонды қорғау бойынша жыл сайынғы алты марапатының алғашқысын (корпоративті және жеке) алды.
Цунея Накамура, сол кездегі Seiko Epson директорлар кеңесінің төрағасы: «ХФК озон қабатына зиян келтіретіні белгілі болған кезде, біз оларды өз қызметімізде пайдаланудан бас тарту туралы тез шешім қабылдадық. Бастапқыда мен бұл шешімнің нақты құндылығын білмедім. Алайда кейін, біз мұндай құрметке ие болған кезде ғана мен оның қаншалықты маңызды екенін түсіндім», - деп атап өтті.
1993 жыл - Жергілікті бағдарламалар халықаралық деңгейге шығуда
Epson компаниялар тобының әртүрлі бөлімшелері жергілікті тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған еріктілер бағдарламаларын жүргізе бастады. 1993 жылы EPSON America, Inc. (EAI) компаниясы жағалауды тазартуға арналған еріктілер бағдарламасы үшін, сондай-ақ қалдықтарды қысқартуға бағытталған күш-жігері үшін Калифорния штатының марапатына ие болды.
1998 жыл - Қоршаған ортаны қорғау тарихындағы екінші өзгерісті кезең
1998 жылы, ХФК жою бағдарламасы басталғаннан кейін он жыл өткен соң, Epson үшін қоршаған ортаны қорғау тарихындағы екінші өзгерісті кезең болған жылы бірқатар экологиялық мәселелерді шешудің жалпы әрекеттер жоспары әзірленді және алты сараптамалық кеңес құрылды.
Экологиялық өнім жөніндегі кеңес
Энергия үнемдеу жөніндегі кеңес
Нөлдік шығарындылар жөніндегі кеңес
Өнімдерді қайта өңдеу жөніндегі кеңес
Химиялық заттарды бақылау жөніндегі кеңес
Экологиялық сатып алулар жөніндегі кеңес
1999 жыл - Экологиялық есеп берулерді жариялаудың бастамасы
1999 жылы Epson компаниясы қоғамды қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі туралы хабардар ету және одан әрі іс-шараларды жоспарлауға көмектесетін кері байланыс алу үшін жыл сайынғы экологиялық есепті жариялай бастады. 2003 жылы біз экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік туралы Sustainability Report жыл сайынғы есеп беруді жариялай бастадық, мұнда қоршаған ортаны қорғаудағы біздің әрекеттеріміз ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламалар да баяндалады.
2000 жыл - Энергетикалық инспекция
2000 жылы Epson компаниясы жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың өз нысандарында энергияны үнемдеу жолдарын іздеудегі өтініштеріне жауап ретінде Наганода жұмыс істейтін басқа компаниялармен бірлесіп, Сувада энергетикалық инспекцияның өңірлік тобын құрды. Топ жергілікті кәсіпорындарға, кеңселерге және басқа да объекттерге барады, олардың қуат тұтынуын бағалайды және энергия шығынын қысқарту жолдарын ұсынады. 2005 жылы бағдарламаның артықшылықтары кеңінен танылған кезде, бүкіл Нагано префектурасын қамтитын Shinshu энергетикалық инспекциясының жаңа тобы құрылды. 2010 жылы осыған ұқсас бағдарлама Тайваньда іске қосылды.
2000 жыл - Ормандарды қалпына келтіру жөніндегі жобаны қолдау
Компания Epson-ның өндірістік кәсіпорындары орналасқан Индонезияның дамуына өз үлесін қосу үшін тропикалық ормандар алқаптары күрт қысқарып жатқан Калимантан аралындағы ормандарды қалпына келтіру бағдарламасын іске қосты. Epson компаниясы Жапондық орман шаруашылығына жәрдемдесу және ынтымақтастық жөніндегі халықаралық орталықтың және Индонезия үкіметімен бірлесіп жәрдемдесудің арқасында 2008 жылға дейін 300 га-ға жуық аумаққа «Epson орманын» екті және қамтамасыз етті. Ауылшаруашылық дақылдары ағаштармен бірге отырғызылатын агроорман мелиорациялық тәсілді пайдалану арқылы бұл жоба күрт азайып бара жатқан орман алқаптарын қалпына келтіріп қана қоймай, жергілікті тұрғындардың өмірін жақсартуға да мүмкіндік берді.
2001 жыл - ISO 14001 сертификаттау
Epson компаниясы өзінің экологиялық бағдарламаларын іске асыруды жалғастыру және олардың тиімділігіне кепілдік беру үшін экологиялық менеджменттің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын ISO 14001 сертификатын алды. 1995 жылы Epson Telford Ltd. (ETL) компаниясының британдық филиалы BS7750 сертификатын алды (ISO 14001 стандарты негізделген экологиялық менеджмент жүйелеріне арналған британдық стандарт). 2001 жылға қарай Epson компаниясының бүкіл әлемдегі барлық ірі өндірістік және өндірістік емес кәсіпорындары ISO14001 сертификатын алды.
2001 жыл — Epson экологиялық таңбалауы
2000 жылы EPSON компаниясы экологиялық таңбалау бағдарламасын іске асыруға кірісті. Осы бағдарлама аясында біз сатып алушыларды ақпараттандыру үшін, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз өнімдерді өндіруді ынталандыру үшін Epson өнімдерінде оның экологиялық сипаттамалары туралы мәліметтерді (Epson ішкі зерттеулерінің негізінде) көрсете бастадық. 2001 жылы шығарылған LP-9400 принтері (кейбір өңірлерде — EPL-N7000) осы таңбалау құқығына иеленген алғашқы өнім болды.
2003 жыл - Шикізаттың экологиялық сатып алынуы
Біз жеткізу тізбегінен бірқатар тыйым салынған заттарды алып тастау үшін стандартталған жаһандық бағдарламаны жүзеге асыра бастадық. Бұл бағдарлама Epson тобының компаниялары әлемнің кез келген нүктесінде сатып алынатын құрауыштар мен шикізаттардың Epson тобының өндірістік материалдарын экологиялық сатып алу Стандартында жарияланған критерийлерге сәйкес келуін қамтамасыз етуі керек.
Экологиялық сатып алу туралы толығырақ ақпаратты мына жерден алуға болады.
2003 жыл - Нөлдік шығарындылар бағдарламасы
1997 жылы біз «нөлдік шығарындылар» бағдарламасын іске қостық. Бұл бағдарламаның мақсаты - біздің қызметіміздің нәтижесінде туындайтын шығарындылардың 100%-ын қайта өңдеу (1-деңгей) және шығарындылардың жалпы көлемін азайту (2-деңгей). 2003 жылға қарай Epson-ның бүкіл әлемдегі барлық кәсіпорындары 1-деңгейге жетті. Қазіргі уақытта біз қалдықтар көлемін қысқарту және оларды қайта өңдеудің жоғары деңгейіне жету жолында жұмыс істеп жатырмыз.
2008 жыл - Environmental Vision 2050 экологиялық бағдарламасы
Жаһандық жылынудың нашарлау мәселесін шешу үшін біз Epson компаниясының ұзақ мерзімді экологиялық мақсаттарын қалыптасқан Environmental Vision 2050 бағдарламасын әзірледік.
2010 жыл - SE15 орташа мерзімді экологиялық саясаты
Epson компаниясының SE15 орта мерзімді экологиялық саясаты Environmental vision 2050 бағдарламасын іске асыру жолындағы алғашқы кезеңдерді анықтайды.
2010 жыл - Жаңа перспективалар
Біз SurePress L-4033A принтерлерін шығардық. Заттаңбаларға арналған бұл цифрлік принтер пайдалану барысында қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшін Epson-ның инновациялық өнімдері мен технологияларын пайдалануды ескере отырып жасалған. Epson Micro Piezo технологиясының арқасында SurePress заттаңба өндірушілеріне заттаңбаға арналған әдеттегі ұқсас принтерлермен салыстырғанда қоршаған ортаға теріс әсерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
2012 жыл - Шағындылыққа бағдар
Принтерлеріміздің негізгі экологиялық сипаттамаларын жақсарту үшін және орнату мүмкіндіктерін кеңейту үшін біз дизайнды толығымен өзгерттік және өнімдерді шағын етіп жасадық. Expression Premium XP-600 бүріккіш принтерінде шағынырақ механизмдер, басып шығару механизмінің жаңа, жұқа түрі және сия картриджі бар, бұл оны алдыңғы Artisan 730-дан барлық параметрлері бойынша әлдеқайда кішірек етеді.
2014 жыл - Жаңаша кеңселік басып шығару
Epson компаниясының алдыңғы қатарлы бүріккіш технологиялары кеңселік басып шығару саласындағы өзгерістерге ықпал етеді, лазерлік принтерлерден бүріккіш принтерлерге көшуді жеделдетеді. Кеңейтілген сия картридждері бар кеңселік бүріккіш принтерлер ресурстар мен уақытты үнемдейді, шығын материалдарын айтарлықтай аз ауыстыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың қорларын ауыстыру, тапсырыс беру, басқару және тасымалдау жөніндегі еңбек шығындарын азайтады. Epson бүріккіш принтерлері басып шығару кезінде жылуды пайдаланбайды және лазерлік принтерлерге қарағанда электр қуатын әлдеқайда аз пайдаланады.
2015 жыл - Кеңседегі қағазды қайта өңдеу
Epson компаниясы қағазды қайта өңдеу циклін өзгертуге, қағазды қайта пайдалануға және кеңседе екінші рет қайта өңдеуді ынталандыруға мүмкіндік беретін технологияны әзірледі. 2016 жылы Жапонияда коммерциялық түрде шығарылған, қағазды қайта өңдеуге арналған PaperLab құрылғысының негізінде құпия құжаттарды қауіпсіз түрде жоятын және суды пайдаланбай оларды жаңа қағазға қайта өңдейтін түпнұсқа Epson Dry fiber Technology технологиясы жатыр5.
2017 жыл - OnePlanet саммиті
Epson климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі белсенді іс-шараларға қосылады: Париж келісімі қабылданғаннан кейін екі жыл өткен соң (2015 жылғы 12 желтоқсан) біз OnePlanet саммиті аясында климатты қорғаудың стратегиялық жоспарларын экономиканың табысты дамуының негізі ретінде талқылайтын 54 жаһандық компанияның бірі болу құрметіне ие болдық.
Жобалау
Біз өнімдерімізді әзірлеу кезінде олардың өмірлік циклінің барлық сатыларын ескереміз
Қайта өңдеу және қайта пайдалану
Біз өнімдерімізді пайдаланғаннан кейін қайта өңдеу үшін ыңғайлы етіп жасаймыз.
Біздің ұмтылысымыз:
Шикізат пен ресурстардың пайдалануын қысқарту
Қалдықтарды қайта пайдалану, азайту немесе қайта өңдеу және қоршаған ортаның ластануын алдын алу бойынша шаралар қабылдау
Пайдаланылған өнімді қалпына келтіруді және қайта өңдеуді қолдау
ISO 14001: экологиялық саясат
Біз жұмыс істейтін елдерде табиғатты қорғау заңнамасын және тиісті экологиялық талаптарды ұстануды қамтамасыз ету арқылы қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін азайтуға тырысамыз. Сонымен қатар, біз қоршаған ортаның ластануын алдын алуға тырысамыз және топтың компанияларымен және сырттай жеткізушілермен бірлесе отырып, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту тәсілдерін үздіксіз іздейміз.
ISO 9001: сапа саласындағы саясат
Біздің сапа саласындағы қағидаларымыз тұтынушыға бағытталған. Біз клиенттердің қажеттіліктерін әрқашан қанағаттандыру үшін жеке және корпоративтік шеберліктің жоғары деңгейіне жетуге тырысамыз.
Тұрақты даму мақсаттарына қатысты Epson Europe саясаты
2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы адамдарға, планетаға және келешектің игілігіне арналған әрекеттердің жоспары ретінде тұрақты дамудың 17 Мақсатын (ТДМ) ұсынды. Epson компаниясы ТДМ-ны толығымен қолдайды.
CO2 ықтимал азаюы және Epson клиенттері үшін электр қуатын үнемдеу7
Егер біздің клиенттер бизнеске арналған Epson бүріккіш басып шығаруға ауысса, олар электр энергиясына 65,7 миллион еуроға дейін үнемдей алады және екі жыл ішінде CO2 шығарындыларын 124 мың тоннаға дейін азайта алады.
TCO өнімдерін іздеу
TCO сертификаттауы - бұл 25 жыл бұрын құрылған, ИТ-өнімдердің тұрақтылығының жаһандық сертификатталуы. Оның критерийлеріне әлеуметтік жауапты өндіріс, қоршаған ортаны қорғау, пайдаланушының денсаулығы, қауіпсіздік және эргономикалық дизайн кіреді. Барлық критерийлер өндірістің, пайдаланудың кезеңдерін және қызмет ету мерзімінің аяқталуын қамтитын өнімнің өмірлік циклін ескере отырып таңдалған.
«Көгілдір періште» (The Blue Angel) өнімін іздеу
«Көгілдір періште» - Германия федералды үкіметінің 1978 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан экотаңбалануы. «Көгілдір періште» экологиялық қауіпсіз өнім дизайнының жоғары стандарттарын белгілейді және соңғы 40 жылда өзін тұрақты тұтыну үшін сенімді эталон ретінде көрсетті.
Экологиялық қауіпсіз өнімдер
XP-8500
Шағын өлшемдер мен жеңіл салмақ орнату кезінде көбірек мүмкіндіктер береді және қоршаған ортаға әсерді азайтады.
Шағын өлшемдер және жеңіл салмақ ресурстардың үнемдеуін жәрдемдеседі.
- XP-8500 XP-750-ге қарағанда шамамен 10%-ға кішірек және 7%-ға жеңілірек.
Энергияны үнемдеу
Ұйқы режимінде қуат тұтынуы 1 Вт-тан аз.
Ұйқы режимінде құрылғы XP-750-ге қарағанда шамамен 67%-ға қуатты аз тұтынады.
EB-L25000U
Жарқын лазерлік жарық көзінің қызмет ету мерзімі ұзақ және оптикалық блоктың өлшемдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Тек лазерлік жарық көзі ғана қамтамасыз ете алатын керемет кескін сапасы мен сенімділіктің арқасында EB-L25000U үлкен іс-шаралар үшін керемет сай келеді.
Модель лазерлік жарық көзін бейорганикалық люминоформен және бейорганикалық СК панельдермен үйлестіреді, бұл қызмет көрсетусіз дерлік 20 000 сағатқа дейін жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Шағын, жеңіл құрылым, жоғары беріктік және орнатудың қарапайымдылығы.
-Шағын және жеңілдетілген айналар, LCD панельдері және оптикалық блоктың басқа да негізгі құрауыштары.
-Құбыр жақтауы мен негіз құрылымы корпустың беріктігі мен соққыға төзімділігін қамтамасыз етеді.
BT-300
Moverio BT-300 шағын және жеңіл көзілдірігін ұзақ уақыт бойы киюге ыңғайлы.
Шағын өлшемдер және жеңіл салмақ ресурстардың үнемдеуін жәрдемдеседі
- Құрылғы BT-200-ге қарағанда шамамен 22%-ға жеңілірек және BT-100-ге қарағанда шамамен 71%-ға жеңілірек.
Epson Stylus Pro WT7900
Epson Stylus Pro WT7900 принтерінде салада алғаш рет су негізіндегі ақ сия пайдаланылды. Бұл қоршаған ортаға жүктемені азайтуға және сонымен бірге жұмыс икемділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Иіс шығармайтын дерлік су негізіндегі сияны пайдалану арқылы Epson Stylus Pro WT7900 арнайы пайдалану шарттарын қажет етпейді.
Қуаттың төмен тұтынылуы еріткіш негізіндегі сиялары бар немесе ультракүлгін сәулелермен қатаятын сиялары бар принтерлерде қолданылатын қыздырғыштардың, шамдардың және желдету жабдықтарының болмауымен байланысты.
ENERGY STAR® стандартының талаптарына сай келеді
TM-m30/TM-m10
POS-планшеттармен пайдалану кезінде үйлесімді, шағын чек принтері. Шағын, стильді дизайн және экология жайлы қамқорлық.
TM-m10 және TM-m30 чек принтерлері Epson TM-T20II моделінен шамамен 71% және 46%-ға кіші, бұл оларды планшеттік кассалық аппараттар мен сатушының сөресі үшін тамаша шешім етеді.
Қуатты үнемдейтін көптеген мүмкіндіктермен жабдықталған TM-m10 және TM-m30 электр энергиясын TM-T20II-ге қарағанда 81% және 78%-ға аз пайдаланады11.
Қағазды үнемдеу функциясы ресурстарды сақтауға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
TM-S9000MJ
TM-S9000MJ әмбебап моделі қоршаған ортаға әсерді азайтуға, сондай-ақ чектерді электронды түрде тиімді өңдеу есебінен кассирлердің жұмыс жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Чектер бойынша есептеу процесінің цифрлануын қолдау чектерді физикалық өңдеуге байланысты қоршаған ортаға әсерді айтарлықтай төмендетеді.
Бір құрылғыда кассирлерге қажет барлық функциялар жинақталған, бұл арнайы жабдықтан бас тарту арқылы энергияны, ресурстарды және т.б. тұтынудан қоршаған ортаға зиянды азайтады.
Seiko Astron SBXB00312
8X сериясы - GPS-пен жұмыс істейтін күн батареясындағы Astron сағаттарының екінші буыны, ол Жердің кез келген нүктесіндегі орынды тез анықтауға және жергілікті уақытты нақтылауға қабілетті сағаттардың әлем бойынша алғашқысы. Бұл сериядағы сағаттар жаңа хронографпен (секундомер функциясы) жабдықталған және екі уақыт белдеуінің уақытын көрсетеді. Бұл ретте, олар 7X сериялы бірінші буын сағаттарынан шамамен 30%-ға кіші13 және шамамен энергияны 40%-ға үнемдейді.
GPS модулін, жаңа қуат жүйесін және антеннаны қоса алғанда, жаңа негізгі компоненттердің дамуы Epson-ға 7X сериясымен салыстырғанда 8x сериясының өлшемдерін азайтуға және энергия тиімділігін арттыруға көмектесті.
Күн панелі батареяны кезең сайын ауыстырудан немесе сыртқы қуаттау құрылғысын пайдалану қажеттілігінен бас тартуға мүмкіндік береді.
1 Мұнай және металдар сияқты қалпына келмейтін ресурстар
2 Франциядағы, Германиядағы, Испаниядағы, Италиядағы және Ұлыбританиядағы ИТ бөлімшелерінің 3639 басшылары мен қызметкерлері, FTI Consulting, 2015 ж. Epson компаниясының тапсырысы бойынша
3 Wastlund, Reinikka, Norlander & Archer, 2005: http://www.radford.act.edu.au/storage/reading-on-screens-v-paper.pdf.
5 Есептеулер және оларды қалай пайдалану керектігі туралы толығырақ https://www.epson.kz/kk_KZ/heat-free-technology парақшасынан қараңыз.
6 Жүйе ішіндегі ылғалдылық деңгейін ұстап тұру үшін судың белгілі бір көлемі қолданылады.
7 Соңғы екі күнтізбелік жылда (2016 және 2017) ЕО алты елінің нарықтарында өткізілген Epson кеңселік бүріккіш принтерлері үшін орташа пайдалану мерзімі төрт жыл есебімен есептелген.
Есептеу әдістемесі TÜV Rheinland-пен құпталған.
8 Толығырақ https://www.epson.kz/kk_KZ/heat-free-technology.
11 Ethernet (230 В) арқылы қосылған кездегі салыстыру
12 Өнім Seiko Watch корпорациясымен өткізіледі.
13 2012 жылы шығарылған 7X сериялы сағат модельдерінің корпусымен салыстырғанда